Кадрларда барыстың камераны мұқият зерттеп тұрғаны анық көрінеді
Катонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығында фототұзаққа ерекше сәт түсіп қалды – қар барысы камераға қызығушылық танытқан, деп хабарлайды Аlmaty.tv Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дегенмен жыртқыш жай ғана камера жанынан өте салмаған.
"Кадрларда барыстың камераны мұқият зерттеп тұрғаны анық көрінеді! Бір сәтте ол сақтықпен жақындап, аяғымен түртіп қалады. Мүмкін, ракурс ұнамаған болар? Әлде суретке "дұрыс" түсу үшін кадрды өзі реттемек болды ма?" - деп жазады комитет өкілдері.
Қалай десек те, техниканы жерге түсіре алмаған.
"Ал бізге табиғаттың осы ғажайып жыртқышының сирек кездесетін, ерекше кадрлары бұйырды", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алакөл ауданының тұрғындары жол бойында қар барысын кездестірген