Қауіпсіз балалық шақ: оқушылар кинологтардың жұмысын бақылады

ТЖМ ресми телеграм каналы
ТЖМ ресми телеграм каналы

Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері ауқымды акция ұйымдастырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері ауқымды акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның мақсаты балаларда қоршаған ортадағы қауіп туралы түсіндіру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болды.

 Кинологиялық қызмет мамандары, апаттар медицинасы орталығының өкілдері, құтқарушылар мен еріктілер, сондай-ақ аниматорлар көрнекі құралдар мен арнайы техниканы пайдалана отырып, ойын түрінде балалардың терезеден құлауы, өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік тақырыптарын қамтыды.

Балалар құтқарушылармен бірге жаттығу жасап, кинологтардың иттермен қалай жұмыс істейтінін бақылады. Ата-аналарға да қауіпсіздік ережелері бойынша пайдалы кеңестер берілді.

Оқи отырыңыз: 1 қыркүйектен бастап мектеп оқушылары жаңа стандарт бойынша тамақтанады

Новости партнеров