Қауіпті дәрі берген: дәрігер 15 науқасты өлтірді деп айыпталды

shutterstock.com
shutterstock.com

Қазіргі уақытта тергеу тағы 75 күдікті жағдайды тексеріп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Германия прокурорлары 40 жастағы паллиативтік көмек дәрігерін кем дегенде 15 адамды өлтірді деп айыптады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Reuters агенттігі хабарлауынша, бұл туралы ведомство сайтында жарияланған хабарламада айтылған.  

Қазіргі уақытта тергеу тағы 75 күдікті жағдайды тексеріп жатыр, ал ресми деректегі құрбандар саны алдағы уақытта тағы өсуі мүмкін.

«Прокуратура мәліметінше, ер адам 2021 жылдың 22 қыркүйегі мен 2024 жылдың 24 шілдесі аралығында айықпас дертке шалдыққан науқастарға олардың рұқсатынсыз және келісімінсіз анестезия мен бұлшықет босаңсытқыш дәрі құйған. Бұл дәрі әсерінен тыныс алу бұлшықеттері сал болып, артынша адам мүлдем тыныс ала алмай қалады», - делінген хабарламада

Прокуратура дәрігердің науқастардың дәрменсіз жағдайда екенін біле тұра «қастық әрекетке барды» деп есептейді. Күдікті 2024 жылдың тамыз айынан бастап уақытша ұстау изоляторында отыр.

«Германиядағы адамның жеке өміріне қол сұқпау туралы заңнамаға сәйкес аты-жөні ресми түрде аталмаған күдікті өз кінәсін мойындамады», - делінген хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, ол құрбандардың пәтерін өртеп жіберу арқылы олардың өлімін жасырмақ болған.

Жүргізіліп жатқан тергеу ісі 2021 жылы тағы бірнеше қасақана адам өлтіру дерегін анықтады. Дәрігер қолынан ажал құшқандар саны артуы мүмкін екені атап өтілді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның сұлу боксшысы әлемдік рейтингтің үздік ондығына кірді

Новости партнеров