Кеншілер өлімі: жарылыс себебі 10 күн ішінде белгілі болады - Қанат Бозымбаев

19.02.2025 18:30

Олар апаттың себебін анықтап, қауіпсіздік ережелері бойынша тексеріс жүргізеді

"Қазақмыс" корпорациясының кенішіндегі жарылыстың себебі 10 күн ішінде белгілі болады. Арнайы комиссияны басқаратын Қанат Бозымбаев бүгін осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиға 17 ақпанда Ұлытау облысында болған. Төтенше жағдай салдарынан 7 кенші қаза тапқан. Істің мән-жайын анықтау үшін екі арнайы комиссияның құрылғанын да айта кетейік. Олар апаттың себебін анықтап, қауіпсіздік ережелері бойынша тексеріс жүргізеді. Премьер-Министрдің орынбасары тергеу қорытындылары комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін ұсынылатынын хабарлады. 

"Ұжымдық шартқа сәйкес қаза тапқан кеншілердің отбасыларына жылдық орташа жалақының 10 еселенген төлемі төленетін болады. Сондай-ақ жерлеу рәсімін ұйымдастыруға 2 миллион теңге бөлінеді", – деді Жезқазған қаласы кәсіподақ төрағасының орынбасары Берік Сейітжан.

Оқи отырыңыз: "Жомарт" кенішінде жұмыс тоқтады

Теги: Шахта