"Қазақмыста" тағы бір кенші қаза тапты

19.03.2025 18:13

Жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды

ftmmachinery.com

«Қазақмыс» компаниялар Тобы өндірісте жазатайым оқиға болып, кенші қаза тапқанын хабарлады, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

— «Қазақмыс» компаниялар Тобы 2025 жылдың 19 наурызында Ұлытау облысында орналасқан Шығыс-Жезқазған кенішінде жазатайым оқиға орын алғаны туралы қайғыра хабарлайды. № 57 шахтада тауарлық-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде 1994 жылғы жұмысшы жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды, — делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр, жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен ұжымы марқұмның жақын туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Қаза тапқан жұмыскердің отбасына ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажетті көмек көрсетіледі, оның ішіне жерлеу шығындары да кіреді.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Болашақ» шахтасындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жұмысшы көз жұмған болатын. 

Оқи отырыңыз: Шымкентте екі рет сотталған қылмыскер базар күзетшісін аяусыз ұрып, өлтірді