Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығының ресми ашылу салтанаты өтті
Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Алғыс айту күніне арналған форум өтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығының ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов жиналған жұртқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осынау ұйымның 30 жылдығына арналған құттықтау хатын оқыды.
- Құрметті ассамблея мүшелері! Сіздерді Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймын. Ассамблея жылдар бойы халқымыздың ырысты ынтымағын нығайтуға, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді сақтауға өлшеусіз үлес қосып келеді. Осы ұйымның белсенді қызметі еліміздегі барлық этностың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін үйлесімді дамытуға, сондай-ақ, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі мәртебесін көтеруге жол ашты. Парламентте өкілдері Қазақстан халқы ассамблеясы мемлекет пен қоғам арасында ашық диалог орнатқан тиімді құрылымға айналды, - делінген құттықтауда.
Мемлекет басшысы Ассамблея мүшелері маңызды бастамалар көтеріп, елге қажетті жобаларды жүзеге асырып жатқанына айтады.
- Ұйым мүшелері Қазақстандағы ауқымды өзгерістерге де барынша атсалысып келеді. Ассамблеяға ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, отаншылдық пен ынтымақтастық, жасампаздық пен жауапкершілік сияқты басты құндылықтарды дәріптеу жолында айрықша рөл атқарады. Сіздер еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және жалпы ұлттық бірлікті нығайту үшін аянбай еңбек ете бересіздер деп сенемін. Жетістіктеріңіз көп болсын, - деп жазылған Президент хатында.
Оқи отырыңыз: Бірлік пен жасампаздық: ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойына арналған негізгі бастамалар қандай