Қазақстан мал санын Нидерланд әдісімен реттеуі мүмкін

08.04.2025 20:06

Халықаралық көрме аясында гүл бизнесі, абаттандыру, жылыжай секторына қатысты жиырмадан аса іс-шара өткізілмек

Астанада әлемнің жиырма елінен келген 200-ден астам компания өкілдері бас қосып, өсімдік өсіру технологиясын таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Халықаралық көрме аясында гүл бизнесі, абаттандыру, жылыжай секторына қатысты жиырмадан аса іс-шара өткізілмек. Сондай-ақ жиын аясында Қазақстан мен Нидерланд өкілдері кездесіп, аграрлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолын талқылайды.

Айта кетейік, қос тарап жылыжай, технологиялар мен тұқым, бау-бақша шаруашылығы салаларында орнықты әріптестік қарым-қатынас орнатып үлгерген.

 «Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторларының біріміз. Әсіресе ауыл шаруашылығына көптеп инвестиция құямыз. Бұл салаға қолдау көрсетуді жалғастыра береміз және білікті мамандарымызды жұмылдырамыз», – деді Нидерланд корольдігінің Қазақстандағы елшісі Нико Схермерс.

Қазақстан мал санын Нидерланд әдісімен реттеуі мүмкін. Ауылшаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, бұл мемлекет ветеринариялық ахуалы тұрақты ел болып есептеледі. Вакцина өндірісі жақсы дамып, малды тіркеу, есепке алу, есептен шығару жүйесі жетілген. Сондықтан алдағы уақытты еліміз осы бағыт бойынша олардың тәжірибесіне сүйенбек. Сондай-ақ аталған сала бойынша Нидерланд ғалымдары Алматыдағы студенттерге онлайн сабақ береді.

 «Нидерландта Вагенинген өте атақты университеті бар. Оларда зерттеу жасайды, білім де береді. Біздегі Ұлттық аграрлық білім беру орталығымен екі жақты қатынастары бар. Аграрлық несие корпорациясы Нидерланды тәжірбиесін алып, бірнеше қаржы, құрылғылары дихандарға да беріледі. Енді біз осы жұмыс отрысында бірнеше сұрақты қараймыз», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.

Оқи отырыңыз: Кене ауру таратпай ма: атыраулықтар өлекседен далаға тараған кенені улап әлек