Сенат депутаттары тиісті заңды қабылдады
Қазақстан мен Катар қылмыскерлерді экстрадициялауға келісті. Бүгін Сенат депутаттары тиісті заңды қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құжатта қос тарап өз елінде қылмыс жасап, аталған мемлекеттерге қашып кетіп, жасырынып жүрген күдіктілерді ұстап береді делінген. Ол үшін екі жақ бір-біріне міндетті түрде сұрау салуы тиіс. Келісім бойынша Қазақстан азаматы Катарда қылмыс жасап, ел аумағына келіп ұсталса, құқық қорғаушылардың оны сол мемлекетке қайтаруға құқы жоқ. Өйткені конституцияға сәйкес, ол өз отанында сотталады.
«Қырық күннің ішінде екінші тарап, мысалы Қатар мемлекеті «осы адамды ұстап беріңдер» деп сұрау салалды. Ол экстрадициялық арест бойынша 1 жылға дейін қамақта отыруы мүмкін. Бір жылдың ішінде барлық құжаттарды дайындап, оны Қатарға жібереміз, – деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шыңдалиев.
Оқи отырыңыз: Астанада жүк көлігі баланы қағып кетті