Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толды

10.01.2025 18:35

Мерейтойға мүфтиятты әр жылдары басқарған тұлғалар қатысты

Биыл Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Мерейтойға мүфтиятты әр жылдары басқарған Рәтбек Нысанбайұлы, Ержан Малғажыұлы, Серікбай Ораз қатысты. Басқосуға жиналғандар басқарманың ізгілік жолындағы игі жұмыстарын жандандыру жайлы ойларын ортаға салды. Отырыста сүбелі әңгімелер айтылып, қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды.  

"Біз мүфтият ұйымдастырып, мүфтилер кеңесін құрдық. Сол күннен бастап жыл сайын біз мүфтилер кеңесін өткізіп келе жатырмыз. Мүфтилер кеңесінде жалпы тәжірбиелі мүфтилеріміздің ақыл-кеңестерін тыңдап, елдегі жағдайды, діни мәселелерді талдап, атқаратын жұмыстар туралы ақылдасып, қолымыздан келгенше іске асырып, мүфтият аясындағы қызметімізді жетілдіріп келе жатырмыз",- деді ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Оқи отырыңыз: Қылмыс күрт азайды: Қарағанды облысында 63 ауыл алкогольден түбегейлі бас тартты