Қазақстан онлайн-қызметтер индексі бойынша ең үздік 10 елдің қатарында

07.02.2025 14:20

Мемлекеттік қызметтердің 90,8%-і смартфондар арқылы қолжетімді

Photo by Christopher Gower on Unsplash

Жылдың басты жетістігі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейін арттыру болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

БҰҰ деректеріне сәйкес, Қазақстан онлайн-қызметтер индексі бойынша топ-10 елдің қатарына кіріп, цифрландыру деңгейі бойынша 193 мемлекеттің ішінде 24-ші орынды иеленді.

Бүгінгі таңда халықтың 93%-тен астамы eGov порталы арқылы электрондық қызметтерге қол жеткізе алады. Мемлекеттік қызметтердің 90,8%-і смартфондар арқылы қолжетімді. Биометриялық сәйкестендіру мен QR-қолтаңбаларды енгізу электрондық қызметтерді алу процесін жеңілдетті — бір жыл ішінде қазақстандықтар QR-кодтар арқылы 23 миллионнан астам құжатқа қол қойды. 

Оқи отырыңыз: Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады