Қазақстанда интернет жүйесі қосылған алғашқы пойыз сапарға шықты

t.me/PR_KTZh
t.me/PR_KTZh

Алдағы уақытта бұл қызмет түрі тағы 15 пойызға енгізілмек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордадан №3/4 «Астана-Алматы» бағыты бойынша жүретін пойыз жолға аттанды. Бұл пойыз жолаушыларға интернетке қол жеткізу мүмкіндігін ұсынған Қазақстандағы алғашқы жоба болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңашылдық спутниктік технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылып, алғашқы рейсте 500 жолаушы интернеттің артықшылығын пайдаланып үлгерді.

"Сапар барысында жолаушылар WhatsApp арқылы хабар алмасып, YouTube-тан бейнелер көріп, басқа да танымал интернет сервистерін пайдалана алады. Дегенмен, торренттер мен ағынды жүктеу сайттарына қолжетімділік шектелген. Локомотивке орнатылған заманауи спутниктік жабдық бүкіл маршрут бойы тұрақты әрі жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.

Бұл жоба жолаушыларға байланыста қалып, әрі жұмыс істеп, әрі демалуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл қызмет кеңейтіліп, алдымен "Тальго" пойыздарының барлық 15 бағытына ғаламтор енгізілмек.

"Пойыздарда ғаламторды енгізу – жолаушылар тасымалын дамыту жолындағы маңызды қадам. Біз саяхаттарды заманауи талаптарға сай ұйымдастырып, ақпарат пен байланысқа қолжетімділікті толық қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асырудамыз. Бұл жоба жолаушыларға байланыста қалып, әрі жұмыс істеп, әрі демалуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта біз осы қызметті кеңейтіп, алдымен «Тальго» пойыздарының барлық 15 бағытына ғаламтор енгізуді жоспарлап отырмыз", – деп атап өтті "Жолаушылар тасымалы" АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.

Жобаны жүзеге асыру Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Көлік министрлігі, сондай-ақ, «Jusan Mobile» телекоммуникациялық компаниясы мен Қазақстандағы Eutelsat-OneWeb ресми дистрибьюторының бірлескен жұмысының нәтижесінде мүмкін болды.

Оқи отырыңыз: Былтыр Алматыда автотұрақ ережесін бұзған 29 мың жүргізуші жауапқа тартылды

Новости партнеров