Қазақстанда қанша әйел адам бар

07.03.2025 21:57

Әйелдер саны бойынша өңірлер арасында Алматы алда келеді – 1,2 млн әйел

Аlmaty.tv

Қазақстандағы әйелдер саны 10 381 377 адамды құрайды, бұл еліміздегі жалпы халық санының 51,1%. Соңғы он жылда әйелдер саны 15,2% өсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Дерекке сүйенсек, әйелдердің 64,4% қалаларда, 35,6% – ауылдық жерлерде тұрады.

«Әйелдер саны бойынша өңірлер арасында Алматы алда келеді – 1,2 млн әйел. Екінші орында Түркістан облысы – 1 млн әйел, ал үшінші орында 803 мың аруы бар Астана тұр», - делінген хабарламада.

Соңғы он жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі елордада байқалған – 82,1%. Алматыда қыз-келіншектер саны  37,5%, Маңғыстау облысында 32,5% өскен.

«Жас құрамы бойынша әйелдердің 3,3 млн 18 жасқа дейінгі жаста, 18-60 жас аралығындағылардың саны 5,3 млн және 60 жастан асқан апалар саны 1,7 млн. Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы 34,1 жасты құрайды», - делінген бюро хабарламасында.

Бүгінгі таңда 4,4 млн әйел әртүрлі салаларда жұмыс істейді, олардың басым бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында еңбектенеді.

Оқи отырыңыз: Әйел – сұлулықтың әуені: Президент мерекелік концертті тамашалады