Елімізде барлығы 83 048 ардагер бар
2025 жылы ардагерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 4,3 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 83 048 ардагер тұрады, оның ішінде Ұлы Отан соғысының 111 ардагері, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 796 ардагер, 26 553 басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлері, 39 588 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері. 2025 жылы аталған санаттардағы азаматтарға 4,3 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған.
Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санаттарына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, мынадай мөлшерде төленеді:
1) ҰОС ардагерлері – 16 АЕК (2025 жылы – 62 912 теңге);
2) жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:
4) ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 2,13 АЕК (2025 жылы – 8 376 теңге).
Оқи отырыңыз: Көпбалалы отбасына берілетін мемлекеттік жәрдемақы биыл қанша пайыз көбейді?