Қартаю индексі – 100 балаға шаққанда егде жастағы адамдар санын сипаттайтын халықтың жас құрамының көрсеткіші
Қазақстанда қартаю индексі бір жыл ішінде 1,6 пайыздық тармаққа артты, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
2024 жылы Қазақстанда қартаю индексі 31,1 құраған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,6 пайыздық тармаққа жоғары көрсеткіш(2023 жылы 29,5). Яғни, 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 31,1 қариядан келеді деген сөз.
Өңірлер бөлінісінде бұл көрсеткіштің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген – 78,1, одан кейін Шығыс Қазақстан (76) және Қостанай облыстары (66,4).
Қартаю индексінің ең төменгі көрсеткіші Маңғыстау облысында, онда 100 балаға 65 жастан асқан 15,2 қарттан келеді.
Сондай-ақ аталған көрсеткіштің төмен мәні Түркістан облысында (15,9) және Шымкент қаласында (16,1) тіркелген.
"Қалалық жерлерде қартаю индексі ауылдық жерлерге қарағанда жоғары – тиісінше 33,4 және 27,5", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, қартаю индексі – 100 балаға шаққанда егде жастағы адамдар санын сипаттайтын халықтың жас құрамының көрсеткіші. Ол 65 жастан асқан халық санының 0-14 жас аралығындағы халық санына қатынасы ретінде есептеледі.
Оқи отырыңыз: Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне билет қанша тұрады