Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

12.03.2025 14:22

Биыл қаңтарда денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС жарналарын қайта қарау туралы пікір білдірді

National Cancer Institute/unsplash.com/

Мәжіліс депутаттары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулер бойынша жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Депутаттың сөзінше, заң жобасы Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген.

"Заң жобасы 2027 жылға қарай медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыруды және мемлекеттік міндетті тегін медициналық көмекті екі есеге, 57-ден 32 пайызға дейін қысқартуды, сондай-ақ, МӘМС-ті 68 пайызға дейін ұлғайтуды көздейді", - деді Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін МӘМС жүйесіне жарна төлеудегі табыстың жоғарғы шегін ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен 50 еселенген мөлшеріне дейін ұлғайту ұсынылып отыр.

"Жұмыссыздарға, әлеуметтік әл-ауқаттың дағдарыс және шұғыл деңгейлеріне жататын адамдарға МӘМС жарналары жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді", - деп толықтырды депутат.

Биыл қаңтарда денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС жарналарын қайта қарау туралы пікір білдірді.

Оқи отырыңыз: Жаңару айы: Рамазанда қалай жаңа әдет қалыптастыруға болады