Қазақстанда тағы бірнеше жол учаскесі ақылы болуы мүмкін

26.01.2025 15:58

2025 жылдың 4 ақпанына дейін жобалар талқылауға қатысуға болады

Аlmaty.tv

Қазақстанда бірнеше автомобиль жолы учаскесін ақылы ету жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайдыАlmaty.tv. тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Интернеттегі Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобаларына сәйкес, мына жол учаскелерін ақылы ету ұсынылып отыр:

  • Балқаш – Бурылбайтал;
  • Ақтау – Бейнеу;
  • Қандыағаш – Мақат;
  • Қостанай – Денисовка;
  • Тараз қаласын айналып өтетін жол;
  • Үшарал – Достық;
  • Шу – Бурылбайтал.

Бұл жобалар Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылған және 2025 жылдың 4 ақпанына дейін талқылауға қатысуға болады.

Министрлік өкілдері бұл өзгерістердің жолдардың сапасын жақсартуға және олардың тұрақты күтіміне бағытталғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жиенін суға тұншықтырып өлтірген әйелге сот үкімі шықты