Қазақстанда әуе тасымалы қаншалықты қауіпсіз

22.01.2025 14:31

Бүгінгі күні әуе кемелерінің саны - 102 ұшақ

Victoria Prymak/unsplash.com

Соңғы жылдары әуе көлігі жолаушылар үшін ыңғайлы әрі тартымды болуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Мысалы Қазақстанда жыл сайын әуе тасымалы 10-15% артуда. 2024 жылы қазақстандық авиакомпаниялар 15 миллионға жуық адамды тасымалдады, әуежайлар 30 миллион жолаушыға, оның ішінде шетелдік авиакомпаниялар мен азаматтарға қызмет көрсетті. 2024 жылы жүк тасымалы көлемі - жылына 28 мың тоннаға ұлғайды.

Отандық компаниялардың ұшақтар паркі жыл сайын 10-15 ұшаққа толықтырылуда. Бүгінгі күні әуе кемелерінің саны - 102 ұшақ.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды