Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын дамытуда қандай жобалар қолға алынды

Астанада халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі ең ірі цифрлы хабтың бірі бола алады. Бұл туралы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан. Ол үшін жасанды интеллект технологияларын дамыту керек деді Президент. Енді бұл бағытта қандай шаруа ширатылып жатыр? Осы және өзге де сұрақтарға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің басқарма басшысы Дулат МАМЫРҚҰЛ AlmatyTV эфирінде жауап берді.

- Дулат Досанұлы, Президент айтқан жасанды интеллект технологияларын дамыту үшін министрлік нақты қандай тетіктерді бекітпекші?

- Министрлік тарапынан жасанды интеллект саласын дамыту бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Қазіргі таңда жасанды интеллект саласындағы ең үлкен жобалардың бірі – Қазақстанда, Астана қаласында халықаралық жасанды интеллект орталығын ашу. Бұл орталықтың негізгі мақсаты – Қазақстанның жасанды интеллект шешімдері эспортын 2029 жылға дейін 5 миллиард долларға дейін арттыру, жыл сайын мыңнан астам кадрлық маман даярлау, жыл сайын жүзден астам стартапқа қолдау көрсету және оннан астам ғылыми жобаларға қолдау көрсету. Орталық сондай-ақ кәсіпкерлерге өзінің бизнестерін ашуға немесе дамытуға көмектеспек.

- Ал оқу орындарында жасанды жады бойынша білім беру бағдарламаларын енгізу жоспарда бар ма? Салада білікті кадрларды даярлауға байланысты қандай бастамалар іске асып жатыр?  

- Қазіргі таңда білім беру саласы бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігімен тікелей жұмыс істеп жатыр. Менің білуімше, қазіргі таңда жасанды интеллект саласы бойынша білім бағдарламалары 16 жоғары оқу орнында енгізілген. Ол Қазақ ұлттық университетінде, Еуразия ұлттық университетінде және Қызылордада Қорқыт Ата университеті және Әлихан Бөкейханов университеті және де басқа да университеттерде білім бағдарламалары енгізілген. Және жасанды интеллектіге қатысты Астана технопаркінде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды.

Қазіргі таңда осы мектеп негізінде 5 мыңнан астам өтініш қабылданған. Бұл мектеп жалпы жасанды интеллект енгізуге, жасанды интеллектінің білім беру саласында студенттермен бірге өзін оқыту негізінде жүргізіледі. Яғни, бұл мұғалімдерсіз, тек студенттер арасында оқытылады.

Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысы бар 6 жасөспірім ұсталған

Новости партнеров