Қазақстанда жастар арасында 700 мыңнан астам жеке кәсіпкер тіркелген

elements.envato.com
elements.envato.com

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2% көп

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген дара кәсіпкерлер саны 1 512,9 бірлік болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2% (1 494,2 бірлік) көп, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ұлттық статистика бюросынан хабарлағандай, олардың 1 426,3 мыңы жұмыс істеп тұр (жалпы санның 94%).

"Дара кәсіпкерлердің ең көп саны Алматы және Астана қалаларында тіркелген, олардың саны сәйкесінше 263,1 мың және 177,6 мың бірлік. Үздік үштікті 122,2 мың дара кәсіпкері бар Түркістан облысы түйіндейді. Дара кәсіпкерлердің ең аз саны Ұлытау облысында тіркелген – 13,7 мың бірлік", - делінген хабарламада.

Тіркелген дара кәсіпкерлердің басым бөлігі (43,6%) көтерме және бөлшек сауда саласында – 660 мың бірлік, сондай-ақ басқа да қызметтерді көрсетуде (293,5 мың бірлік). Дара кәсіпкерлер саны қаржы және сақтандыру қызметінде ең аз –  515 бірлік.

Айта кетейік, барлық дара кәсіпкерлердің 49% 35 жасқа дейінгі жастар (735,1 мың бірлік), оның 56% – әйелдер. Қала жастары дара кәсіпкерлердің жалпы санының 36% құрайды.

Оқи отырыңыз: 18 жастағы сарбаздың өлімі: лейтенант 7 жылға сотталды

Новости партнеров