Қазақстанда жердің 100 пайызға жуығы тозған – Сенат депутаты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қазір елімізде тұқым шаруашылығы туралы заң жобасы талқыланып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сенат депутаты Зәкіржан Кузиев жердің тозуы мәселесін көтеріп, ол бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу керектігін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

— 2018 жылы еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен негізгі келісімді ратификациялады. Бүгінде аталған ұйым жердің тозуы, тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша біздің негізгі кеңесші ұйым. Мәжілістің аграрлық комитеті БҰҰ ұйымымен барлық бағыт бойынша, тығыз жұмыс істейді, оның үстіне аграрлық комитет топырақты қорғау туралы заң жобасына бастамашылық етті. Бұл заң Үкіметтің қорытындысын алды, сондай-ақ біз БҰҰ ұйымынан кеңес, қолдау алдық, — деді Зәкіржан Кузиев елордада өтіп жатқан ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған дөңгелек үстел барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сенатордың айтуынша, қазір елімізде тұқым шаруашылығы туралы заң жобасы талқыланып жатыр. 

— Аталған заң жобасы Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының халықаралық сарапшыларымен талқыланып жатқан маңызды құжат. Осы орайда Қазақстан мен ұйым арасындағы қалыптасқан ынтымақтастық өз нәтижесін беріп жатыр деп ойлаймын. Бүгін біз жердің тозуы мәселелерін талқыладық, Қазақстанда жердің 100%-ға жуығы белгілі бір деңгейде тозған. Сондықтан, бұл біз үшін өзекті және бүгінгі дөңгелек үстел аясында нақты ұсыныстар әзірлей аламыз деп сенемін, — деп толықтырды халық қалаулысы.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында 57 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Новости партнеров