Енгізілген өзгерістердің негізгі мақсаты – шасси мен көлік құралы типін мақұлдауды рәсімдеуге негіз болған материалдарды тексеруді күшейту
Енді көлік құралдары мен шасси түрлерінің рұқсаттарын тексеру қатаңдатылады,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Техникалық реттеу және метрология комитеті мәліметіне сілтеме жасап.
2025 жылғы 23 ақпанда Көлік құралы мен шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Бұл қағидалар Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 397-НҚ бұйрығымен бекітілген.
"Жаңа редакцияға сәйкес, сәйкестікті растау жөніндегі органға көлік құралы мен шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру үшін ұсынылатын құжаттар тізімі толықтырылды. Енді осы құжаттарға сәйкестік туралы декларация және техникалық сараптама хаттамасы қосылды.
Бұл құжаттар көлік құралдарының типін сәйкестігін бағалаудың маңызды бөлігі болып есептеледі", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, техникалық хатшылық тексерудің оң нәтижесі бойынша көлік құралы мен шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру қорытындысын рәсімдейді.
"Енгізілген өзгерістердің негізгі мақсаты – шасси мен көлік құралы типін мақұлдауды рәсімдеуге негіз болған материалдарды тексеруді күшейту. Бұл өз кезегінде сәйкестікті бағалаудың құжаттарын рәсімдеудің сапасын арттырып, техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті нығайтуға мүмкіндік береді".
Оқи отырыңыз: Астана-Петропавл тасжолында бірнеше көлік соғылып қалды