Қазақстандық блогерлер табысын көрсете бастады

12.03.2025 16:42

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті

Michael Effendy/unsplash.com/

Табысын төмен көрсетіп салықтан жалтарған қазақстандық блогерлер кірісін растап, салық төлей бастады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Бүгінде 50-ден астам блогер 2,5 миллиард теңгеден астам кірісін көрсетті. Олар бойынша салық төленді. Қалғандары бойынша әлі уақыт бар, 30 жұмыс күні берілді. Наурыз айының соңына дейін тексеру жүргізіп, ақпаратты ұсынамыз", - деп қысқа қайырды Ержан Біржанов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Оқи отырыңыз: Соңғы қоңырау: Оқу-ағарту министрі ата-аналарға үндеу жасады