Қазақстандық сноубордшы Қырғызстан тауында көз жұмды

Joshua Reddekopp / Unsplash
Joshua Reddekopp / Unsplash

Оқиға 27 ақпанда шаңғы трассасында болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаракөл тау шаңғысы курортында Қазақстан азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ыстықкөл облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 27 ақпанда шаңғы трассасында болған.  

«Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы Қазақстанның 43 жастағы азаматының сноуборд теуіп жүріп, досымен соқтығысқанын анықтады. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Үй тонаушылар: БҚО-да қылмыстық топты ұсталды

Новости партнеров