Қазақстандықтардың 10 млн теңгесін ұрлаған күдікті Беларусьтен экстрадицияланды

Қазір күдікті Астанадағы тергеу изоляторына қамалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Беларусь ірі алаяқтық жасады деген күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады. Ол 3 жыл бұрын Түркістан қаласында сыбайластарымен бірге кәсіп ашу үшін тегін ақшалай грант алуға көмектесеміз деген сылтаумен 13 азаматтың қаражатын ұрлаған. Осылайша, оларға 10 миллион теңгеден аса шығын кетірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Күдікті заңсыз әрекетінен кейін халықаралық іздеу жарияланған. Енді ол үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Бұл қылмыстың сыбайласы сотталған, ал күдікті заңсыз әрекет жасағаннан кейін қашып кеткен, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2024 жылғы қазанда ол Беларусьте ұсталып, Бас прокуратураның өтініші бойынша елге экстрадицияланды. Қазір күдікті Астанадағы тергеу изоляторына қамалды", - деді ҚР Бас прокуратурасының өкілі Әсел Берқалиева.

Оқи отырыңыз: Алматыда интернет-алаяқтық дерегі азайды

Новости партнеров