Туризм саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі тұрақты түрде өсіп келе жатқанын байқауға болады
Ұлттық банк мәліметінше, алыс шетелден келген туристер Қазақстанға сапары кезінде орта есеппен 1500 АҚШ долларын жұмсайды. 2024 жылы шетелдік туристер еліміздің аумағында 1,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Туризм саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі тұрақты түрде өсіп келе жатқанын байқауға болады. 2019-2024 жылдар аралығында салаға салынған инвестиция көлемі төмендегідей:
2019-2024 жылдар аралығында туризм саласында жалпы сомасы 550 млрд теңгеге 605-тен астам инвестициялық жоба іске асырылды, оның ішінде 2024 жылы 87 инвестициялық жоба сәтті аяқталды.
Ірі инвестициялық жобалар ішінен Шымкент қаласындағы «Махамбет» қонақүйін (жоба құны – 4,9 млрд теңге), Атырау облысындағы «Keremet Park»отбасылық паркін (3 млрд теңге), сондай-ақ Алматы облысындағы «Ақ-Жайық» демалыс аймағын (1,8 млрд теңге) атап өтуге болады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда туризм саласы қалай дамуда