Қазақстанға келетін туристерді енді такси жүргізушілері алдай алмайды

Жоба Цифрлық даму министрлігімен алдын ала келісілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізге келетін туристерді енді такси жүргізушілері алдай алмайды. Саяхатшылар олардың жосықсыз іс-әрекетін байқаса, арнайы қосымша арқылы арыз-шағымдарын қалдыра алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Туризм және спорт министрлігі «Е-Шағым» жүйесін іске қоспақ.

Ведомство туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға қолайлы жағдай жасауды көздеп отыр. Сондай-ақ электрондық сервис арқылы шетел азаматтары қонақүйлердің жұмысына қатысты талап-тілегін де жеткізе алады. Аталған жұмыс туризм саласын цифрландыру аясында жүргізіледі.

 «TravelStan қосымшасын іске қосу арқылы туристің мемлекеттік органға бір тетік арқылы шағымдана алғанын қалаймыз. Шағым қонақ үй қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне не такси жүргізушісінің дөрекілігіне қатысты  «Е-шағым», шағымдарды жинақтау жүйесіне енгізіледі», – деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда гид мамандарын даярлау ұсынылды

Новости партнеров