Қазақстаннан Өзбекстанға жаңа әуе рейсі қатынайды

04.04.2025 16:49

Рейстер аптасына 2 рет орындалады

Shaun Alam / Unsplash

Өзбекстанға жаңа әуе бағыты ашылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, тұрақты негізде ұшу географиясы кеңейтіліп, қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру аясында жұмыстар жүргізіледі.

«Биылғы жылдың 1 мамырынан бастап қазақстандық "QazaqAir" әуе компаниясы Астана – Түркістан – Самарқанд бағыты бойынша Өзбекстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 42-ден 44-ке дейін артады», - делінген ведомство хабарламасында.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Оқи отырыңыз: Самарқандтағы саммитке қатысушылар Aral Culture Summit көрмесін тамашалады