Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені 1,1 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етуде

29.01.2025 15:28

Бұл 4 млн-нан астам азаматтың қаржылық әл-ауқатына тікелей әсер етеді

no one cares/unsplash.com/

Бүгінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені 1,1 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл 4 млн-нан астам азаматтың қаржылық әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ауыл шаруашылығы маңызды экономикалық секторға ғана емес әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі факторына айналуда.

«Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет», –деді  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

2024 жылдың қорытындысы бойынша отандық азық-түлік өндірісі 3,2 трлн теңгені құрады, нақты көлем индексі 102,9% деңгейінде қалыптасты.

Өңделген ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесі 40%-ды құрады. Мемлекет басшысының қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің үлесін 70%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін 2028 жылға дейін ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Оның шеңберінде 2024 жылы 279,6 млрд теңге сомаға 286 жоба пайдалануға берілді. Өсімдік майы мен ұн өндірісін қоса алғанда, ішкі сұранысты қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды