Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі сезілді

13.04.2025 10:13

Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ

Jens Aber / Unsplash

Тәжікстанда болған жер сілкінісінің дүмпуі Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 13 сәуірде Астана уақытымен 09 сағат 23 минутта жер сілкінісін тіркеді.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 673 км жерде орналасқан.

Атап айтқанда:

  • Мырзакент - 3 б.
  • Жетысай - 3 б.
  • Абай ауылы  - 3 б.
  • Сарыағаш – қаласы - 3 б.
  • Қазығұрт ауылы -  3 б.
  • Шардара қаласы - 3 б.
  • Леңгір - 3 б.
  • Сайрам - 3 б.
  • Шымкент - 3 б.
  • Манкент - 3 б.
  • Ақсукент ауылы - 3 б.
  • Тұрар Рысқұлов ауылы - 3 б.
  • Бауыржан Момышұлы ауылы - 3 б.
  • Арыс қаласы - 3 б.
  • Темирлановка ауылы - 3 б.
  • Тараз - 3 б.
  • Сарыкемер ауылы - 3 б.
  • Аса ауылы - 3 б.
  • Құлан ауылы - 2 б.
  • Мерке ауылы - 2 б.
  • Қаратау - 2 б.
  • Шаян ауылы - 2 б.
  • Шәуілдір ауылы - 2 б.
  • Жаңатас - 2 б.
  • Түркістан - 2 б.
  • Қордай ауылы - 2 б.
  • Кентау - 2 б.
  • Шолаққорған ауылы - 2 б.
  • Шорнақ ауылы - 2 б.
  • Шу - 2 б.
  • Төле би ауылы - 2 б.
  • Мойынкұм ауылы - 2 б.
  • Жаңақорған ауылы - 2 б.

Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында 17 жастағы жасөспірімді өлтіріп кеткен