Келесі жылдан бастап жәрдемақы, зейнетақы мен айыппұлдардың мөлшері көбейеді

elements.envato.com
elements.envato.com

2025 жылдың бюджетінде 42 түрлі әлеуметтік төлемдерге 6 триллион 26 миллиард теңге қарастырылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда республикалық бюджет пен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылардың мөлшері артады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына сәйкес, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты мүгедектік, асыраушысынан айырылу және арнайы кәсіби мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5 пайызға ұлғайтылады.

Сондай-ақ 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке жарамсыздық пен асыраушысынан айырылған жағдайларға төленетін әлеуметтік төлемдер де 6,5 пайызға көбейеді.

2025 жылдың бюджетінде 42 түрлі әлеуметтік төлемдерге 6 триллион 26 миллиард теңге қарастырылған.

Сонымен қатар сарапшылар қазіргі әлеуметтік төлемдердің инфляция деңгейіне сәйкес келмейтінін айтып, жүйені жетілдіру қажеттігін атап өтті. Алдағы уақытта әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру мақсатында цифрлық шешімдер енгізілуі жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында астық қоймасында ірі өрт болды

Новости партнеров