Кеншілердің өлімі: депутаттар өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттік орган құруды ұсынды

Мәжілісмен Арман Қалықовтың айтуынша, жазатайым оқиғалар жиілеп кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлытаудағы шахтада болған қайғылы жағдайдан кейін депутаттар өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттік орган құруды ұсынып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәжілісмен Арман Қалықовтың айтуынша, кен орындарында сақтық шараларына ден қойылмағандықтан жазатайым оқиғалар жиілеп кеткен. Ол статистикадан деректер келтіре отырып, Премьер-министрге тікелей бағынатын тәуелсіз мемлекеттік мекеме құру қажет екенін алға тартты. Кеншілердің өмірін сақтандыруды мықтап қолға алуды және газ қауіпсіздігіне жауапты мамандарды тартып, апаттың себептерін жан-жақты тексеруді ұсынды.

"2023 жылы Балқаш мыс балқыту зауыты мен Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында монтажшы мен тау-кен шебері қаза тапты. Қарашада №2 Жезқазған байыту фабрикасында әйел қаза тапты, ал Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде 2 жұмысшы көз жұмды. Ал былтыр қазанда Балқаш өңіріндегі «Саяқ-3» шахтасында көміртек жайылып, тағы2 шахтер қаза тапты. Енді міне, өндірістегі 7 адамның өмірі қиылып, артында балалары зар жылап қалды", – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Арман Қалықов.

Оқи отырыңыз: Кеншілер өлімі: жарылыс себебі 10 күн ішінде белгілі болады - Қанат Бозымбаев

Новости партнеров