Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында қандай фильмдер көрерменге ұсынылады

20.11.2024 15:42

Іс-шара Алматыда 24-30 қараша аралығында өтеді

XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі биыл Алматыда 24-30 қараша аралығында өтеді. Бағдарлама аясында түрлі бағыттағы әрі шытырман оқиғаларға толы 9 фильм көпшілік назарына ұсынылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал іс-шараға 8 мемлекет қатысады. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясында айтылды.

Жиында ұйымдастырушылар туындылардың көрсетіліміне қатысты ақпарат беріп, қазылар алқасының мүшелерімен таныстырды. Сұрақ-жауап форматында өткен басқосуда еліміздегі кино саласындағы тенденциялар мен режиссерлардың мүмкіндігі де талқыланды.

Атап өтер жайт, фестиваль бағдарламасына Қазақстан атынан «Жоқтау» фильмі қосылып отыр. Драма жанрындағы туынды ұзақ уақыт жырақта жүріп, туған жеріне қайта оралған жас жұптың оқиғасын баяндайды.

"Біздің программада күнделікті сағат 19:00-ден бастап қазақ киноларын көрсетеміз. "Олияр" фильмі, балаларға арналаған "Алтын адам" деген мультфильм көрсетіген жоқ.  Бірнеше фильмнің көрсетілімі болады", – деді ұйымдастырушы Олжабай Мұсабеков.

Оқи отырыңыз: Шымбұлақ: Алматының символына айналған спорт кешені қашан ашылады