Көпбалалы аналардың тізімі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады
Шымкент қаласында 2025 жылдың 1 ақпандағы мәлімет бойынша 67 741 көпбалалы ана бар, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 13 805. Көп балалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны 53 936.
Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері, «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады.
Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады.
Оқи отырыңыз: Бюджетке 135 миллиард теңге қайтарылды: Әлихан Смайылов Мемлекет басшысына есеп берді