Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Ақтөбе облысында ұсталды

polisia.kz
polisia.kz

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысындағы "Жайсан" теміржол өткізу пунктінде Молдованың ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросымен есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген өзбекстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2013 жылы күдікті басқа адамдармен бірге есірткі заттарын жеткізудің халықаралық арнасын ұйымдастырған.

"Молдоваға кірер кезде одан 46 грамм героин табылған", - делінген хабарлама.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: "Дикий Арман" өзіне қол салмақ болған ба: ҚАЖК мәлімдеме жасады

Новости партнеров