Операның қойылуына түркітілдес елдердің ғылыми орталықтары мен ғалымдары зор үлес қосқан
Ертең Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында жаңа ұлттық операның тұсауы кесілмек, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Хан Сұлтан. Алтын Орда» туындысы өнер ордасының әртістері мен балет бишілерінің, хор мен симфониялық оркестрінің орындауымен көрініс табады. Сондай-ақ сахна заманауи безендіріліп, жарық эффектілері пайдаланылады. Авторлардың айтуынша, бұл технологиялық шешімдер көрерменге ерекше әсер қалдырады. Аталған мұра түркі халықтарын біріктіретін рухани қазына болғандықтан, операның қойылуына түркітілдес елдердің ғылыми орталықтары мен ғалымдары зор үлес қосқан.
"Бұл – экспериментті, технологиялық, заманауи опера. Пьесасын жазған – Алмас Нүсіп, либреттосын жазған Маралтай Ыбыраев. Біз Жошы ұлысының ұрпағын тәрбиелеген, артында із қалдырған қандай аналарымыз болды деген сұраққа қайта оралып, осы Хан Сұлтан образын таңдап алдық", – деді Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының директоры, идея авторы Айнұр Көпбасарова.
Оқи отырыңыз: Алматыда жастарға арналған тағы бір комьюнити-орталық ашылды