Хромтауда зардап шеккен жұмысшы қайтыс болды

12.03.2025 19:36

«Қазхром» компаниясы марқұмның отбасына барлық қажетті материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетілетінін мәлімдеді

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласындағы «Болашақ» шахтасында зардап шеккен жұмысшы қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, марқұм ауыр термиялық күйік алып, көп ағзалы жетіспеушілік салдарынан көз жұмған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жағдайы ауыр науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, телемедицина арқылы елордалық мамандармен кеңес ұйымдастырылған. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. «Қазхром» компаниясы марқұмның отбасына барлық қажетті материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

 «Науқастың жағдайы ауыр болды. Осы жақтан санавиацияға барып,  ем-домын жасадық.Көрдік, жансақтау бөлімінде үш күн жатты, 60 пайыз денесін күйік шалған. Газ жарылғанда шахтаның ішінде аумақ аз болғандықтан, жалын жұтып қойған, – деді Ақтөбе облысының бас комбустиологы Нұрлан Әбішев.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда тұрғын үйлер су астында қалды