Киножобалар байқауының екінші кезеңі басталды

21.04.2025 11:44

Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінде оң қорытынды алған үміткерлер құжаттарды электронды форматта тапсыруы тиіс

Levi Stute/unsplash.com/

Ұлттық киноны қолдау орталығы мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды іріктеу конкурсының екінші кезеңін бастады. Сараптама кеңесінің оң қорытындысын алған сценарий мен сценарий жоспарларының, конкурстық іріктеудің екінші кезеңіне өткен киножобалардың тізімімен осы жерде таныса аласыз. 

Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінде оң қорытынды алған үміткерлер құжаттарды электронды форматта тапсыруы тиіс. Барлық қажетті құжаттарды Орталықтың ресми сайтындағы сілтеме арқылы 2025 жылдың 18 сәуір мен 13 мамыр, сағат 18:00-ге дейін жіберу қажет. Атап өту қажет, үміткерлер мына талаптарды ескеруі тиіс:

  • құқық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігіне (жеке тұлғалар үшін) ие болуы;
  • республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
  •  банкроттық не тарату рәсіміне жатпауы (мәліметтер Орталықпен тексерілерді).
  • Өтінімдерді тапсырғаннан кейін құжаттардың толық ұсынылмауы анықталған жағдайда конкурстық процестің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өтініш берушіге анықталған қателерді түзетуге 3 жұмыс күні беріледі.

    Оқи отырыңыз: «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау қорытындысы шығарылды