Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов өзекті мәселе көтеріп, жауапты органдарға сауал жолдады
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Мәжіліс отырысында маңдайша жазулары мен дауыстық жарнамаға қатысты өзекті мәселе көтеріп, жауапты органдарға сауал жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, республикалық маңызы бар қалалар – шетелдік туристер көптеп келетін орталықтар. Дегенмен қазір көшедегі маңдайша жазулар үш түрлі әліпбиде беріледі.
"Қазір минимализм заманы. Кириллицаны екінің бірі түсініп жатқан жоқ. Сондықтан кем дегенде мемлекеттік емес мекемелердің маңдайша жазуларын дизайн кодқа сәйкес тек латын әліпбиімен рәсімдеуге рұқсат беру керек. Осы мәселеге Үкімет қандай көзқарас білдіреді?" – деп сұрады депутат Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннен.
Дереккөз: Dalanews.kz