Қобыз – аманат: Алматыда Мұратбек Жүнісбековтың 80 жылдығына орай кеш өтті

29.11.2024 21:28

Көзі тірісінде Париж қаласында ұлттық нақышта 10 концерт берген жалғыз әнші саналы ғұмырын өнерге арнаған

Алматыда Қазақстанның «Құрмет» орденінің иегері, әнші Мұратбек Жүнісбековтың 80 жылдығына орай «Қобыз – аманат» атты кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Концертте ұлттық руханиятымызға зор үлес қосқан, ұлттық өнерді жаңа белеске шығара білген азаматтың есімі ұлықталып, өзі негізін қалаған «Қобыз сарыны» фольклорлы-этнографиялық ансамблі ән мен күйден шашу шашып, көрермен ықыласына бөленді. Көзі тірісінде Париж қаласында ұлттық нақышта 10 концерт берген жалғыз әнші саналы ғұмырын өнерге арнаған.

"Қазір бұл ансамбльдің аналогы жоқ, өйткені қобызшылардан ансамбль құру қиын. Нарқобыз сияқты қобыздың бірнеше түрін жасаған. Ол кісінің еңбегіне басымды иемін", – деді дәстүрлі әнші, қобызшы Қазбек Әдікей.

Оқи отырыңыз: Алматыда "мемлекеттік тіл мәселесі" атты конференция өтті