Қоймадан шыққан өрттің шығу себебі анықталып жатыр

15.04.2025 19:02

Алматының Алатау ауданында орналасқан қоймадағы  қызыл жалын 16:36-да толықтай сөндірілді

Алматының Алатау ауданында орналасқан қоймадан шыққан өрт сөндірілді. Жаңаарқа көшесіндегі ангар типтегі ғимаратта тұтанған қызыл жалын 1400 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қойма ішінде электротехникалық жабдықтардың қосалқы бөлшектері, радиаторлар мен мотоциклдер сақталғаны анықталды. Төтеншеліктер оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жаумен екі сағатқа жуық күресіпті. Өртті өшіруге барлығы 87 маман мен 25 арнайы техника жұмылдырылды. Мамандардың үйлесімді әрекетінің арқасында қызыл жалын 16:36-да толықтай сөндірілді. Абырой болғанда, адам шығыны мен жарақат алғандар жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 «Өрт туралы ақпар 14 сағат 47 минут кеткенде түсті. Құралдар мен күштер үшінші рангпен жіберілді. Келген кезде ашық алаң жанып жатқан болатын. Сөндіруге 11 оқпан берілді. 11 оқпанды сумен қамтамассыз ету үшін өрт гидрантына бір, ал Үлкен Алматы өзеніне екі автоцистерна қойылды», – деді ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асқар Нұржанұлы.

Оқи отырыңыз: Қар жауып, тұман түседі: алдағы күндері ауа райы қандай болады