Көкшетау маңында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты

Max Fleischmann/unsplash.com/
Max Fleischmann/unsplash.com/

Жеңіл көліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кеше, 30 қаңтарда Көкшетау - Рузаевка жолында екі көлік соқтығысты.

"Оқиға орнына жеткен полицейлер 2001 жылы туған жүргізуші тіркемесі бар Audi B5 көлігін Көкшетау бағытында жүргізіп келе жатып, қарсы жолға шығып кетіп, Shacman көлігімен соқтығысқанын анықтады", - делінген хабарламада.

Жеңіл көліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақат алған екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Тергеу жүргізіліп жатыр, сараптама тағайындалды.

Nayza Kokshe-нің мәліметіне қарағанда, жол апатынан зардап шеккендердің бірі - әйел, ал екіншісі - 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала.

Оқи отырыңыз: Үш облыста тек шетелдіктерге арналған казинолар ашылады

Новости партнеров