Қолайсыз ауа райы: елімізде 2 өңірде көлік қозғалысы шектелді

Almaty.tv
Almaty.tv

Жолды 4 наурыз сағат 06:00-де ашу жоспарланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚазАвтожол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы облысы:

3 наурызда сағат 18:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Алматау турбазасына кіреберіс" автожолының 0-15 шақырым аралығында (Тұздыбастау ауылынан Бесқайнар ауылына дейін ) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. 

Жолды 4 наурыз сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

Сонымен қатар 3 наурыз сағат 19:30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады. 

Қызылорда облысы: 

- «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1474-2046 шақырым аралығы (Айтеке би а. - Бесарық а.). 

Жолды 4 наурыз сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

 

Новости партнеров