Қолайсыз ауа райы: елімізде 2 өңірде көлік қозғалысы шектелді

12.02.2025 21:36

Жолды 2025 жылғы 13 ақпан сағат 07:00-де ашу жоспарланған

Almaty.tv

2025 жылғы 12 ақпан сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты 2 облыста жол жабылды деп хабарлайды Almaty.tv.

Республикалық автожолдарда барлық көлік қозғалысына шектеу қойылады:

Абай облысы:

Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін).

ШҚО:

 Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін).

Жолды 2025 жылғы 13 ақпан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Алматыда 10-16 ақпан аралығында ауа райы қандай болады