Қолайсыз ауа райы: ШҚО-да көлік қозғалысына шектеу қойылды

11.03.2025 21:42

Жолды 2025 жылғы 12 наурыз сағат 08:00 ашу жоспарланған.

Almaty.tv


2025 жылғы 11 наурыз сағат 18:30-да ауа райының нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысында бірнеше аймақта жол жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 6-166 шақырым аралығында (Ушановское а. – Алтай қ.) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.


Жолды 2025 жылғы 12 наурыз сағат 08:00 ашу жоспарланған.


Оқи отырыңыз: Мас күйде тәртіп бұзған жолаушы пойыздан түсірілді