Көлік жанып кетті: Атырауда ана мен бала құтқарылды

10.04.2025 08:26

Зардап шеккендер жоқ

ТЖМ

Атырау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында автокөлік жанып жатқаны туралы шақырту түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіру қызметі шақырту орнына дереу жетіп, жанып жатқан автокөліктің жанында орналасқан уақытша тұрғын үйге өрттің өту қаупі барын анықтады.

«Құтқарушылардың жедел іс-қимылының нәтижесінде уақытша тұрғын үйден 1996 жылы туған ана мен оның 2025 жылы туған сәбиі түтін аумағынан эвакуацияланды», - деп жазылған хабарламада.

Оларға ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Уақытша тұрғын үйге жақын тұрақтаған автокөліктің өртенуі салдарынан үйдің есік-терезелері балқыған. Зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз: Алаяқтарға алданған: Шымкентте зейнеткердің 46 млн теңгесі қайтарылды