Құтқарылғандар арасында 10 бала бар
Алматыда Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өрт кезінде 42 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, Наурызбай ауданының Қарғалы шағынауданында Кенесары хан көшесінің бойындағы көппәтерлі тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерден өрт шыққан.
"ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 22 адамды, оның ішінде 10 баланы құтқарды және 20 адамды эвакуациялады. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 100 астам адам өз бетінше далаға шыққан", - делінген хабарламада.
Өрт жедел түрде 10 шаршы метр алаңда сөндірілді, себебі анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз: Жұлдыз жорамал: 2025 жылы кімді қандай тосынсый күтіп тұр