Қордайда балабақша басшылығы 45 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

18.04.2025 11:10

Тергеу ісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне берілді

Жамбыл облысы Қордай ауданында балабақша басшысы бюджет қаражатынан 45,2 миллион теңгені жымқырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол екі жыл бойы бөбекжайға мүлдем келмеген балалар үшін мемлекеттен ақша алып отырған. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Аудандық прокуратураның мәліметінше, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

 «2025 жылғы 11 наурызда ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі аудан прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен тіркелді. Тергеп-тексеру Жамбыл облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне тапсырылды», – деді Қордай ауданы прокуратурасының прокуроры Батухан Әмір.

Оқи отырыңыз: Ақтауда ер адам пәтерімен бірге тірідей жанып кете жаздады