Қостанай облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды

polisia.kz
polisia.kz

Олардың мұндай қадамға баруына Ресей аумағынан көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін депортациялануы себеп болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы Шекара қызметімен бірлесіп, Денисов ауданы аумағында мемлекеттік шекараға жақын жерде екі шетелдік азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Заң бұзушылардың Қазақстан-Ресей шекарасын ресми өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз кесіп өтпек болғаны белгілі болды. Олардың мұндай қадамға баруына Ресей аумағынан көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін депортациялануы себеп болған", — делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мемлекеттік шекара режимін бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңнама талаптарына сәйкес Қазақстан аумағынан шығарылды.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында есірткі өсіретін фитозертхана жойылды

Новости партнеров