Тәрбиеші әйелге қатысты «Азаптау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған
Қостанай қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы орталықтардың бірінде ашуға мінген тәрбиеші 16 жастағы мүгедек қыздың денесіне бірнеше рет ыстық үтікті басып алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Тәрбиеші әйелге қатысты «Азаптау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін тиісті тергеулер жүріп жатыр», - деп хабарлады Қостанай облысының полиция басқармасы.
Егер тәрбиеші әйелдің кінәсі дәләлденсе, ол 4 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында жол апатынан бір күнде 5 адам көз жұмды