Қазақстанда есірткі зертханасын басқарған шетелдіктер ұсталды

20.01.2025 14:01

Қазір аталмыш топ ұсталып, күдіктілер қамауға алынған

Жетісу облысында есірткі зертханасын басқарған шетел азаматтары ұсталды. Олар «мефедрон» психотроптық затын өндірумен айналысқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өзге мемлекеттің адамдары Қазақстанға келгеннен бастап жетекшілерінің бақылауымен әрекет еткен. Ал оларға қазақстандық азамат көмектескен. Ол қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп, есірткіні жасырып отырыпты.

Қазір аталмыш топ ұсталып, күдіктілер қамауға алынған.  

"Ұстау кезінде олардан шамамен 6 кг мефедрон және арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Күдіктілер қамауда. Қылмыстық схеманың қатысушыларын анықтап, жауапкершілікке тарту үшін тергеу амалдары жүргізілуде", - деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Оқи отырыңыз: Елдімекендерді газдандыру бойынша 2025 жылға қандай міндеттер қойылды